Ақтөбеде зауыттағы қайғылы жағдайға байланысты бөлім басшысы қамалды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе хром қосындылары зауытындағы 4 жұмысшының өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бүгін бірнеше жауапты басшы қамалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе хром қосындылары зауытындағы №4 цехта 4 жұмысшы көз жұмып, екеуі ауруханаға жатқызылды. Ал бүгін бірнеше басшының қылмыстық іс бойынша қамауға алынғаны хабарланды.

«Қылмыстық кодекстің «Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан еңбекті қорғау ережелерін бұзу» бабы бойынша іс қозғады. «Гидроксил» химиялық сұйықтығына арналған 50 текше метрлік сыйымдылықты тазалау кезінде қауіпсіздік ережесі сақталмаған. ҚР ҚІЖК 128-бабы бойынша күдікті ретінде учаске шебері, бөлім бастығы және № 4 цех бастығы ұсталды. Үш адамға қатысты «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасы тағайындалды», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Қазір сараптамалар тағайындалды. Қауіпсіздік техникасы бойынша құжаттар, журналдары, лауазымдық нұсқаулықтар алынды.


Соңғы жаңалықтар