Ақтөбеде рельстен шығып кеткен цистерна ішінде жанар-жағармай болған

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе облысы аумағында 22 вагон рельстен шығып кетті. Цистерна ішіндегі жанар-жағармай төгілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы Ұлпан станциясында 22 вагоны рельстен шығып кетті . Жедел түрде оқиға орнына «ҚТЖ» ҰК АҚ-нан 65 қызметкер және 2 қалпына келтіру, 2 өрт сөндіру пойызы, төтенше жағдайлар департаментінен 9 қызметкер мен 3 бірлік техника жұмылдырылды.

«Рельстен шыққан 13 цистернаның жетеуіндегі бензин, дизельді отын мен керосин төгілді. Рельс бойындағы электр тогы сөндірілді, өрт шықпас үшін төтенше жағдайлар қызметі арнайы көбік шашты. Енді екі рельс бағытының бірін қалпына келтіріп, жолаушылар қатынасын жандандыру қажет. Мамандар қалпына келтіру жұмысын жалғастырып жатыр», - деді облыстық ТЖД бастығы Марғұлан Аманбаев.


Соңғы жаңалықтар