Абайдың өлеңдері грузин тіліне аударылды

None
None
НҰР-CҰЛТАН. ҚазАқпарат –Қазақтың ұлы ақыны Абайдың өлеңдері 175 жылдық мерейтойына орай грузин тіліне аударылды. Ал, Тблисидегі көшенің біріне ұлы тұлғаның есімі беріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат Грузиядағы Қазақстан Елшілігіне сілтеме жасап.

«Тбилисиде қазақтың ұлы ақыны, ойшылы Абай атындағы көше ашылатын болды. Тбилиси қалалық жиналысының 2020 жылғы 24 шілдедегі №188 қаулысына сәйкес, Грузия астанасындағы көшеге қазақтың ұлы ақыны және ағартушысы Абайдың атын беру туралы шешім қабылданды. Көшенің салтанатты ашылуы жуырда ұйымдастырылатын болады.

Сонымен қатар, биылғы мерейтойлы жылы хәкім Абай алғаш рет грузин тілінде сөйледі. Елшіліктің қолдауымен Абай Құнанбайұлының өлеңдері тұңғыш рет грузин тіліне аударылып, өлеңдер жинағы Тбилисидегі «Мерани» баспасынан басылып шықты» -деп хабарлады Қазақстанның Грузиядағы елшілігі Facebook-тегі парақшасында.

Елшіліктің мәліметінше, Абай өлеңдерін грузиннің белгілі ақыны, Илья Чавчавадзе, Анна Каландадзе және Галактин Табидзе атындағы сыйлықтардың иегері, бірнеше өлең жинақтарының авторы, Грузия Жазушылар Одағының төрайымы Маквала Гонашвили аударған.

Сондай-ақ, Абай өлеңдері Грузияның әдеби журналдарында басыла бастаған.


Соңғы жаңалықтар