19:37, 08 Тамыз 2020 | GMT +6
9 тамызда Нұр-Сұлтанда күн күркіреп, найзағай ойнайды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ақмола облысында 9 тамыз күні найзағай ойнайды, деген болжам жасалып отыр. Бұл туралы ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ны сілтеме жасап хабарлайды.
Нұр-Сұлтанда күн күркірейді. Оңтүстік шығыстан секундына 15 метр жел соғады.
Көкшетауда найзағай ойнап, оңтүстік шығыстан секундына 15 метр жылдамдықпен жел соғады.
Ақмола облысының кей жерлерінде күн күркірейді. Оңтүстік-шығытан секундына 15-20 метр жел соғады. Кей жерлерде өрт қауіпі сақталады.