5 қыркүйек күнгі ауа райы болжамы

Атап айтқанда, «Қазгидромет» РМК мәліметіне сәйкес, Солтүстік Қазақтан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман, күндіз дауыл, 15-25 м/с екпіндегі жел күтіледі.
Қостанай облысының кей жерлерінде бұршақ, түнде кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде жел 15-23 м/с күшейеді, түнде және таңертең тұман болжанады.
Ақмола облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с артады, түнде және таңертең тұман, күндіз бұршақ жаууы ықтимал.
Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Қызылорда облысында - дауыл, Павлодар облысында түнде кей жерлерінде - тұман, Қарағанды облысының кей жерлерінде бұршақ болжанады.
Сондай-ақ Түркістан, Атырау облыстарында, Қызылорда, Жамбыл, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде, Алматы, Ақтөбе облыстарының жекелеген аудандарында өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Бұдан бөлек, түнде Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде топырақ үстінде 1-3 градус үсік жүреді.