қазақша qazaq русский english قازاقشا 中文
Международное Информационное Агентство
22.07.2014  
Погода сейчас:
Астана 23°C
Алматы 24°C
Курс тенге на сегодня:
USD 183.53 RUB 5.24
EUR 248.30 CNY 29.57
30 Января 2009, 16:30
Толыбайұлы Қожаберген жырау
Толыбайұлы Қожаберген (1663-1763) – ХVII ғасырдың екiншi жартысы мен ХVIII ғасырдың бiрiншi жартысында өмiр сүрген жырау, қазақ халқының әскерiн басқарған қолбасшы, әйгiлi ғұлама, шежiрешi. Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданында туған. Арғы тегі Орта жүз Ашамайлы Керейдің Көшебе руының Таузар әулеті. Жыраудың өз әкесi ? Толыбай сыншы да, атасы - Дәулен батыр да, бабасы - Таузар сардар да өз замандарында Үш жүздiң әскербасылары және Орта жүз қазақтарының ардақты ел билеушiлерi болды. Қожаберген жастайынан нағашысы Жалаңтөс баһадүр Сейітқұлұлының ұрпақтарының қолында өсіп, Үргенші, Бұқара, Самарқан медреселерінде оқыды, араб парсы тілдерін меңгерді. Ол өзiне дейінгi қазақтың ақын-жырауларының өлең жырларын, медереселерде оқып жүргенде шығыстың жетi жұлдызы атанған Жәми, Низами, Науаи, Физули, Фирдауси, Сағди, Рудаки шығармаларын оқып, солардан нәр алды. Сонымен бiрге ол ертеде өткен Рашид ад-Дин, Мырза Хайдар Дулати, Қадырғали Жалаири және өзiнен аз бұрын өткен Әбiлғазы баһадүр хан сияқты бiлiмпаздардың жазып қалдырған шежiрелерiмен таныс болды. Сондай-ақ, ол тастағы ескi жазуларды да оқып, оған көп мән бердi. Он үш жасынан ақындыққа бет бұрған ол он жеті жасында аңыз әңгімелерді өлеңмен жырлады. Қазақ халқының шығу тарихын жырға қосып, «Ата тек» дастанын жазды. Тәуке хан тұсында Қоқан, Хиуа, Бұқара хандықтары мен парсы, түрікмен елі арасында елшілік қызмет атқарды. 1688 жылы Әз Тәуке бастаған барша қазақ жақсылары 25 жастағы Қожаберген жырауды ордабасы етіп сайлады. Сөйтіп ол 23 жыл жоңғар шапқыншылығына қарсы күрескен қазақ жасағының бас қолбасшысы болды. Оған жыраудың «Үш би» атты өлеңiндегi мына шумақ дәлел бола алады: Басқарып Үш жүз қолын жиырма үш жыл, Орнымды Бөгенбайға бердiм биыл. Еш сардар қайт қылған жоқ жарлығымды, Кезiнде ұзақ соғыс күндер қиын. Жырау 1710 жылы жаздың аяғында өз шәкiрттерiнiң бiрi жас батыр Қанжығалы Арғын Бөгенбай Ақшаұлына ерекше ықыласы түсiп, өзiнiң орта жасқа таяп қалғанын, ұзақ жылдарға созылған ауыр соғыстарға үздiксiз қатысып, қалжырап-шаршағанын мойындап, Әз Тәуке ханға өзiн ордабасы қызметiнен босату туралы өтiнiшiн айтады. Әз Тәуке әуелi келiсiм бермесе де, өз орнына қоятын кiсi барын айтқан соң, хандықтың астанасы - Түркiстан шаһарына Үш жүздiң шораларын, бектерiн, билерiн, батырларын арнайы түрде хат жазып, кiсiлер жiберiп шақыртып алып, ордабасы сайлау үшiн құрылтай өткiзедi. Онда уәзiрлер, шоралар, билер, бектер, батырлар Қожаберген жыраудың ордабасылықтан кетуiн қаламайды. Ақыры олар Әз Тәукеге зорға дегенде, келiсiм бередi. Сонда Қожаберген баһадүр ақ батасын берiп, ұсыныс жасап, өз орнына Бөгенбай батыр Ақшаұлын қазақ, ноғай, қарақалпақ жұрттарының бiрiккен әскерiн басқаратын бас қолбасшы етiп сайлатады. Ел қорғаған батыр ерліктері Бұқар жыраудың «Ұстазым» атты толғауында баяндалады. Қожаберген жырау Тәуке хан тұсындағы «Жеті жарғы» заңдар жинағын әзірлеуге белсене қатысып, кейін оны ақ былғарыға жазып Әз Тәукеге табыс етті. Сонымен қатар ол сол кездегі қоғамдық, әлеуметтік жағдайды, қазақ елінің ішкі-сыртқы хал-ахуалын жырға қосып, «Жеті жарғы» атты тарихи дастан жазды. Қожаберген жыраудың «Елiм-ай» эпопеялық жыры қазақ халқының сыртқы жауларға қарсы бағытталған жарты ғасырлық әрi әдiлеттi, әрi азаттық соғысын суреттеуге арналған маңызы кесек тарихи шығарма. Жырдың бiрiншi бөлiмi де, жырмен аттас келетiн «Елiм-ай» әнi мен «Елiм-ай» күйi де 1723 жылғы күзде болған орасан қырғынды ел басына келген ауыртпалықты көпке сол күйiнде жеткiзуге бағышталған. Сонымен қатар «Елiм-айдың» бiрiншi бөлiмiн жартылай өмiрбаяндық дастан десе де болады. Жырау «Елiм-ай» хиссасының бiрiншi бөлiмiнде тек қана соғыстарды баяндап қоймай, туған халқымыздың жер-суларының бұрынғы кездегi атауларын, тұрмыс-салтын, кәсiбiн, елдiң iшкi-сыртқы саяси жағдайларын, көршiлес мемлекеттермен қандай қарым-қатынаста болғанын, түркі тектес елдердi, Сiбiр татарына жататын руларды, қалмақтың шыққан тегiн, оның түркі халқына жатпайтынын, қалмаққа жататын тайпаларды дұрыс, айқын түрде көрсетiп берген. Мұның кейiнгi ұрпақтар үшiн маңызы аса зор екенiне ешбiр дау жоқ. Жыраудың аталмыш дастаны туралы жазушы, Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлы: «Керей Қожаберген жыраудай бұрынғы-соңды өмiр сүрген қазақ ақындарының бiрде-бiреуi қазақ жұрты жерiнiң көлемiн, шекарасын айқындап берген емес. Ол кiсiнiң «Елiм-ай» жыры - әскери дастан! Жас бала кезiмде оны әншiлердiң аузынан талай рет естiп едiм. Шiркiн, сол әскери дастан қайда бар екен?» ? десе, тарих ғылымының докторы, профессор Ермұхан Бекмаханов «Көшебе керей Қожаберген ақын Толыбайсыншыұлының «Елiм-ай» дастаны - тарихи эпопеялық жыр. Әрi сол «Елiм-ай» ерлiк хиссасының бiрiншi бөлiмi - 1723 жылғы «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» атанған iрi апаттың суретiн ел көзiне елестеткен бiрден-бiр тарихи құжат!» ? деп тұжырымдады. Оның шежiрешi-жырау екендiгiн ақын Сұлтанмахмұт Торайғыров өзiнiң «Құрбыма» деген өлеңiнде, философ-ақын Мәшһүр Жүсiп Көпейұлы «Даналарға» атты өлеңiнде жырлады. Жыраудың қоғамдық өмірі мен қызметі, шығармашылығы соңғы кездерде ғана жан-жақты зерттелді. Дегенмен оның кейбір шығармалары жазушы, ағартушы-демократ Ыбырай Алтынсарин құрастырып, 1879 жылы Орынбор баспасында жарық көрген «Қазақ хрестоматиясынан» және оның 1896 жылы Қазанда жарық көрген «Мәктубат» деген кiтабынан орын алды. Жинақтарда ақынның бiрнеше өлеңдерiнен үзiндiлер берiлген. Қожаберген ақынның өмiрi мен қоғамдық қызметi туралы деректер және оның «Елiм-ай» әнiн, «Елiм-ай» күйiн, «Елiм-ай» тарихи жырын шығарғандығы туралы республикалық газет-журналдарда, облыстық, аудандық газеттерде бiрталай зерттеу мақалалары жарияланды. Сондай-ақ, Қожаберген жырау филология ғылымдарының кандидаты Т.Сүлейменовтiң 1991 жылы «Өнер» баспасынан жарық көрген «Сегiз серi» атты монографиялық еңбегiнен орын алды. Онда автор Қожаберген жырау - Сегiз серiнiң арғы бабаларының бiрi екендiгiн әрi оның iрi тарихи тұлға, үлкен ақын екендiгiн айтады. Қожабергеннің қазіргі уақытта «Баба тілі» дастанының алғашқы бөлімі, «Ата тек» тарихи жырының, «Қуаныш» атты өлеңінің, «Ер Қойлыбай» дастанының үзінділері, «Жастық», «Кәрілік», «Өсиет», «Наурыз басы», «Насихат өлеңдері» мен «Елім-ай» сияқты аз ғана шығармалары жеткен. Оның аталған шығармалары «Елім-ай» деген атпен 2001 жылы Петропавл қаласында кітап болып шықты. Дереккөзі: Қазақстан ұлттық энциклопедиясы, 6 том экономика ғылымының докторы, профессор Шаймұрат Смағұлов пен ауыз әдебиетiн зерттеушi Қаратай Биғожаұлының «Батыр-жырау Қожаберген» атты еңбегінен
Нашли ошибку? Выделите её и нажмите CTRL+ENTER
Нравится
Читайте также
Оставить комментарий
Имя:
Введите код:*

Код вводится с учетом регистра

Популярные

Комментируемые статьи




© 2014 МИА «Казинформ»
Яндекс.Метрика
Система Orphus
Запрещается использование материалов МИА «Казинформ» без письменного разрешения руководства компании