Зыряновскіде екінші сынып оқушысын өлтірген күдікті ұсталды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Полиция Зыряновскілік екінші сынып оқушысы Тәнекееваның жоғалып кетуіне қатысы бар ер адамды анықтады және ұстады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Департаментте қыз бала кеше кешкісін қаладағы қараусыз қалған үйлердің бірінен өлі күйінде табылғандығын растады.

«Зыряновск қаласында оқушы қыздың жоғалып кеткендігі жайлы хабарлама Зыряновск ГАІІБ кезекші бөліміне 10 қарашада түстен кейін түскен. Жоғалған қызды іздестіру үшін дереу іздестіру топтары құрылды, құтқарушылар мен жергілікті тұрғындар, еріктілер де қосылды. Тәжірибелік көмек көрсету үшін оқиға орнына ШҚО ІІД жедел және тергеу қызметтерінің басшылығы мен қызметкерлері жіберілді. Іздестіру іс-шаралары ұйымдастырылып, оның барысында қараусыз қалған үйден кәмелетке толмағанның мүрдесі табылған.  Жедел іс-шаралар кешен іске асырылып, қызметкерлер сезіктінің жеке басын анықтады. Полицейлер  1991 ж.т. ер адамды ұстады. Ол Зыряновск қаласының тұрғыны. Осы факті бойынша полиция қызметкерлері «Адам өлтіру» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады», делінген полиция департаменті жариялаған ресми хабарламада.

Соңғы жаңалықтар