Жүзгіштер Худяков пен Романчук Данангтағы Азия жағалау Ойындарында тағы екі медаль олжалады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Виталий Худяков Данангте VАзия Жағалау ойындарында ашық суда жүзу жарыстарында «алтын салтанатын» жалғастыруда.

Бүгін 5 шақырымдық жүзуде 58:03.3 нәтижемен үздік атанды. Екінші орынды сириялық спортшы  Мохаммад Салех (+7.3) еншілесе, үшінші орын вьетнам  Тран Танға (+50.8) бұйырды, - деп хабарлады ҚР Су спорты федерациясының баспасөз қызметі.

Құрама қанжығасына екінші медальді қазақстандық «Заманауи бессайыс су спорты түрлеріне Олимпиадалық дайындау орталығының» тәрбиеленушісі - он сегіз жастағы Ксения Романчук салды. Ксения 2:14:20.0 нәтижесімен 10 шақырым қашықтықта ашық суда жүзуден әйелдер бәсекесінің қола жүлдегері атанды. Алтын мен күмісті қытайлық спортшылар Шин Шин (2:14:01.6) мен Янг Дандан (+13.2)  бөлісті.

Соңғы жаңалықтар