Жер температурасы 7 градусқа көтеріледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Стэнфорд университетінің америкалық климатологі Каролин Снайдер соңғы екі миллион жылдағы жер бетіндегі орташа жаһандық температураның өзгерістерін бақылап, ол Цельсий бойынша жеті градусқа дейін көтерілуі ықтимал екенін айтты. Зерттеу Nature журналында жарияланды.

Температура өзгеруінің кестесін жасау үшін ғалым уақыт интервалы бір мың жылды құрайтын 59 мұхит түбіндегі шөгінділердегі 20 мыңнан астам климаттық реконструкцияны пайдаланды, деп хабарлады lenta.ru">lenta.ru .

Климаттың өзгеруін ескерген ғалым көмірқышқыл газы концентрациясының сақталуы, геологиялық өлшемдерді назарға ала отырып, бірнеше мыңжылдық ішінде Жер бетіндегі орташа жаһандық температураның Цельсий бойынша 3-7 градусқа дейін өсуі мүмкін деген тоқтамға келді. 

Соңғы жаңалықтар