Жазушы бір сөйлемі 223 бет болатын роман жазған

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Голдсмит университетінің әдебиет саласы бойынша тағайындаған сыйлыққа ирландиялық Майк Маккормек ие болды. Оның романы 223 бет болатын бір ғана сөйлемнен тұрады. «Solar Bones» деп аталатын кітабында ол Маркус Конвей есімді инженер туралы жазған, деп жазады Росбалт.

Қазылар мүшесінің бірі профессор Блейк Мориссонның айтуынша, жазушы қарапайым адамның өмірін әдемі суреттей білген. Жазушы алған сыйлықтың көлемі 10 мың фунт стерлингті құрайды.

51 жастағы жазушы шығармашылықпен 20 жыл бойы айналысып келеді. Ол көлемді марапатқа ие болған Ирландияның үшінші жазушысы болып табылады. Сыйлық 2013 жылдан бері тағайындалып келеді.

«Қазіргі оқырмандар ақылды. Олар осындай туындыларға дайын», - деп өз пікірімен бөлісті Маккормек. 

Соңғы жаңалықтар