Жапондықтар Головкинді ыстық ықыласпен қарсы алды - GGG промоутері

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің Жапонияда Риота Муратамен өтетін жекпе-жегі жергілікті БАҚ-тың және бокс жанкүйерлерінің зор қызығушылығын тудырып отыр. Бұл туралы GGG-дің промоутері Том Леффлер мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасай отырып.

IBF/IBO орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің WBA Super титулының иегері Риота Муратамен жекпе-жегі 9 сәуірде Сайтамада өтеді. GGG қазір командасымен бірге Токиода. Ол жекпе-жекке дейін сонда болады және карантин уақытын өткізеді.

«Бұл жекпе-жек мұндағы айтулы оқиға болмақ. Геннадийді көп журналист пен фанаттары әуежайдан ыстық ықыласпен күтіп алды», - деп жазды Леффлер Twitter парақшасына.

Еске салсақ, бұған дейін Геннадий Головкин жекпе-жек өткізу үшін Жапонияға аттанғаны туралы хабарлаған едік.



Соңғы жаңалықтар