Жамбыл облысында ет өндірушілерге 286,7 млн теңге субсидия төленді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында жыл басынан бері ет өндірушілерді қолдау мақсатында 286,7 млн теңге субсидия төленді.

  Бұл туралы Өңірлік коммуникация қызметіндегі брифинг барысында Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Еркебұлан Анабеков хабарлады.

Анабековтың айтуынша, ет кластерін құру мақсатында осы жылы 53,1 т. ет өндірілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда, 1,9 пайызға жоғары. Жыл басынан бері ет өндірушілерді қолдау мақсатында 286,7 млн теңге субсидия төленді. Ет өнімдерін дамыту мақсатында соңғы жылдары 4 бордақылау алаңы іске қосылып, 5-жылдық жоспар орындалды. Бордақылау алаңдарының сыйымдылығы - 20 мың бас ірі қара мал.  Олар заманауи жабдықтармен жарақталған. Сондай-ақ етті өндіруді, қайта өңдеуді дамыту үшін шетел инвесторлары тартылуда. Жыл аяғына дейін Меркі ауданында малайзиялық инвестор - «Агростан Фармс» ЖШС жылдық қуаты 1400 тонна, 12000 бас тұқымдық ІҚМ өсіру үшін ет өңдеу кешенін сала бастайды, онда сыйымдылығы 3000 бас бордақылау алаңы болады. 

 «Мойынқұм ауданында «МойынқұмАгро» ЖШС 3000 бас сыйымдылықпен бордақылау алаңы мен 10 мың бас тұқымдық ІҚМ арналған репродуктор салуды жоспарлауда (жоба құны 1 млрд теңге). Ресей Федерациясынан ет үшін 1200 бас ІҚМ сатып алынды».

Биыл Меркі ауданы «Олжа» ШҚ мен Қордай ауданының «Медет» және «Бай-Нұр» ШҚ   семіртуге 2500 бас бір жылдық бұқа берді. Жыл басынан бастап 380 тонна сиыр еті экспортталды», - деп атап өтті спикер.

Соңғы жаңалықтар