Жамбыл облысында ер адам газ иісіне уланып, көз жұмды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысы Мерке ауданында қайғылы оқиға орын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Гранитогорск ауылы Андас батыр ауылдық округінде жекеменшік үйде табиғи газбен жұмыс жасайтын пештен ақау шықты. Салдарынан ер адам газға уланып, оқиға орнында көз жұмды. Сондай-ақ Мерке ауылының ауруханасына 33-тегі және 16-дағы екі адам жеткізілді», - деді Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметінен.

Бұл жылыту маусымы басталғаннан бергі алтыншы қайғылы оқиға болып отыр.

Осыған дейін Жуалы ауданында газ иісіне уланып 3 адам, Мерке ауданынада 2 адам қаза тапқан болатын.

Жамбыл ауданының Гродеково ауылындағы ауруханаға газ иісіне уланған 5 адам жатқызылған, оның біреуі сәби. Барлық жағдайда пештен шыққан ақау себеп болған, деді ведомствода.

Соңғы жаңалықтар