Жамбыл облысы жастарының арасында өзіне-өзі қол салудың 27 фактісі тіркелді

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысының кәмелетке толмаған жастарының арасындағы суицид мәселесі өзекті күйінде қалып отыр. Бұл туралы Жамбыл облыстық ішкі істер департаментінің консультативтік -кеңесші органының отырысында мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Егер нақты статистикалық мәліметтерге жүгінетін болсақ, 9 айдың қортындысы 14 пен 29 жас аралығындағы азаматтар арасында 27 суицид орын алып, 28 жас өзіне өзі қоол салуға әрекеттенді»,-деді Жамбыл облыстық жергілікті полиция басқармасы бастығының орынбасары Бауыржан Өтегенов.

Оның сөзінше, суицидтің алдын алу мақсатында Тараз қаласының Ішкі істер басқармасының басшылығына білім беру және денсаулық сақтау басқармасының өкілдерімен бірлесіп, жиі-жиі ата-аналар жиынын, ашық сабақтар, спорттық шаралар мен өзге де сауықтыру жұмыстарын өткізіп тұру жөнінде тапсырма берілді.

«2016 жылдың 9 айында орта мектеп, колледждер мен лицей оқушыларының және жоғару оқу орындарының студенттері арасында суицидтің алдын алу мақсатында 619 лекция оқылған. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда және облыстық ІІД өкілдерінің басты назарында тұр»,-деді ол.

Мәжіліске Жамбыл облыстық ІІД-нің өкілдері мен жергілікті полиция қызметкерлері және білім беру саласының өкілдері қатысты.

Соңғы жаңалықтар