Жақып Асанов «БҰҰ-әйелдер» құрылымымен өзара ынтымақтасуға уағдаласты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 21 қазан күні Бас прокуратурада ведомство басшысы Жақып Асанов «БҰҰ-әйелдер» құрылымының Қазақстандағы өкілі Илейн Конкиевичпен кездесті.

И.Конкиевич адам құқықтарын қорғау және заңның үстемдігі, демократиялық институттар, гендерлік проблемалар сияқты салалардың тәжірибелі маманы, халықаралық қатынастардың магистрі.

Кездесу барысында Бас Прокурор «БҰҰ-әйелдер» құрылымымен ұзақ уақыт бойы жылы әрі сенімді қарым-қатынастың қалыптасып отырғанын атап өтті. «БҰҰ-әйелдер» құрылымы Қазақстанда әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа жол бермеу, зорлық-зомбылық құрбандарына қолдау көрсету және басқа да өзекті мәселелер бойынша жұмыстарға белсенді қатысуда.

«БҰҰ-әйелдер» құрылымы Бас прокуратураның іске асырып отырған «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» атты жобасына консультативтік және сарапшылық көмек көрсетуде, аймақтарда түрлі іс-шаралар өткізілуде.

Бас прокуратура мен «БҰҰ-әйелдер» арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту үшін әйелдердің құқықтарын қорғау мен іске асыру саласындағы өзара әрекет етудің басты бағыттары мен нысандарын айқындайтын Меморандумға қол қойылды. Тараптар әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың әртүрлі формаларын жоюға, тұрмыстық-отбасылық құқық бұзушылықтардың алдын алуға ерекше көңіл бөлді.

Кездесу соңында Жақып Асанов бұл Меморандум өзара ынтымақтастықты сапалы жаңа деңгейге шығаруға мүмкіндік беретінін және алға қойылған мақсаттарды тиімді іске асыруға септігін тигізетінін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар