Владимир Кличко мен Тайсон Фьюри арасындағы жекпе-жек кейінге шегерілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Владимир Кличко мен Тайсон Фьюри арасында 29 қазанда өтуі тиіс айқас кейінге шегерілді, деп хабарлайды The Sun.

Алғашқыда жекпе-жек 9 шілдеде өтуі тиіс еді, бірақ британдықтың жарақаттанып қалуына байланысты 29 қазанға ауыстырылған болатын.

«Тараптардың екі жағы да бұған әзірге ресми түсінік бермей отыр, дегенмен бүгін таңертең Фьюридің өкілдері Кличкомен осы  мәселеге орай хабарласқандығы жөнінде ақпарат бар»,-делінген сайтта.

Еске сала кетсек, 2015 жылғы  күзде Тайсон Фьюри  Владимир Кличконың жеңіп, оның үш чемпиондық белбеуін тартып алды, деп жазады rosbalt.ru.

Соңғы жаңалықтар