Валюта нарығындағы ахуал қалыпқа түсті - Данияр Ақышев

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевті қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Кездесу барысында Данияр Ақышев Елбасыға Ұлттық банктің қазіргі қызметі туралы баяндады.

Қазақстан Президенті қаржы нарығын реттеуші ретіндегі Ұлттық банк жұмысының маңыздылығына назар аударды.

Ұлттық банк төрағасы Мемлекет басшысына валюта нарығы мен инфляция үдерістеріндегі жағдай туралы мәлімдеді.

- Биылғы 8 айда инфляция 5,4% болды. Сіздің тапсырмаңызға сәйкес, Үкімет пен жергілікті атқарушы органдар бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу шараларын іске асыруда. Мұнай бағасы мен Ресей рублі бағамының тұрақтануы жағдайында валюта нарығындағы ахуал қалыпқа түсті, - деді Д.Ақышев.

Бұдан бөлек, Ұлттық банк төрағасы ұлттық валютадағы депозиттер санының артқанын айтты. Сондай-ақ, несиелендіруді жандандыру үдерісінде оң қарқын байқалады. Атап айтқанда, жыл басынан бері шағын кәсіпкерлік секторын несиелендіру 35%-ға артқан.

Кездесу қорытындысы бойынша Елбасы бірқатар нақты тапсырма берді.

Соңғы жаңалықтар