Вьетнам ЭКСПО-2017-дегі Ұлттық павильонының тақырыбын белгіледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл қараша айында Вьетнам өзінің Ұлттық павильонын қабылдау үшін Астанаға мамандар делегациясын жібереді. Вьетнам павильонының тақырыбы «A Fusion of Traditional and Modern - Vietnam's Future Energy».

Ханой қаласында Қазақстанның Вьетнамдағы елшісі Бекетжан Жұмаханов пен Вьетнам Социалистік Республикасының қайта тағайындалған мәдениет, спорт және туризм министрі Нгуен Нгок Тхиенмен кездесуі өтті.

Келіссөздердің негізгі тақырыбы Вьетнамның ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысу мәселесі болды.

Елші Қазақстанның көрмеге дайындық барысында атқарып жатқан көлемді жұмыстары туралы, соның ішінде 105 ел мен 17 халықаралық ұйымның көрмеге қатысатындарын растағанын және жақын арада қатысушы елдер әрі қарайғы жұмыстарды жалғастыру үшін өз павильондарын қабылдай алатындарын мәлімдеді.

null  

ҚР СІМ хабарлағандай, осы орайда Б. Жұмаханов вьетнамдық тарапты Вьетнамның көрмеге қатысуының ұйымдастырушылық мәселелерін, соның ішінде ұлттық павильондарының мазмұндық және тақырыптық толықтыру мәселелерін анықтауды жандандыруға шақырды.

Министр Қазақстан мен Вьетнам арасындағы қарым-қатынастың дамуын жоғары бағалап, қазақстандық тарапқа екі ел арасындағы мәдениет, спорт және туризм салаларындағы өзара әрекет ету мәселелерінде көрсеткен қолдауы үшін алғыс білдірді.

Нгуен Нгок Тхиен Вьетнамның ЭКСПО-2017 көрмесіне қызу дайындық үстінде екенін және қатысу барысында бірқатар мәдени шаралар ұйымдастыратынын хабарлады. Осылайша, 29 тамыз күні көрмеде Вьетнамның ұлттық күні аталып өтеді, және екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 25 жыл толуына орай Қазақстанда Вьетнамның мәдениет күндерін өткізу жоспарда бар.  

Сонымен қатар, Вьетнам тарапы биылғы жылдың қарашасында министрлік Астанаға Вьетнамға бөлінген павильондарын қабылдап алу үшін және жақын арада көрме ұйымдастырушыларына ұсынатын тақырыптық тұжырымдаманы әрі қарай техникалық дайындау үшін мамандар делегациясын жіберетінін хабарлады. Вьетнам павильонының тақырыбы «A Fusion of Traditional and Modern - Vietnam's Future Energy».

 

Айта кетейік, Вьетнам ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуды растаған алғашқы Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің бірі. 2016 жылғы ақпанда Ұлттық комиссар тағайындалып, елдің ЭКСПО-2017-ге қатысуы туралы шартқа қол қойылған. Елдің көрмеге қатысу жөніндегі ұлттық үйлестірушісі Мәдениет, спорт және туризм министрлігі.  

Вьетнам Халықаралық көрмелер бюросына мүше және ЭКСПО халықаралық көрмелеріне қатысуда үлкен тәжірибесі бар. Вьетнам павильондары соңғы төрт көрмеде: Сарагосада (Испания), Шанхайда (ҚХР), Ёсу (Оңтүстік Корея) және Миланда (Италия) ұсынылған.

2015 жылғы шілдеде «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ мен Вьетнамның жетекші туристік компаниясы «Saigontourist» арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған. Ол шамамен 90 млн халқы бар Вьетнамнан Астанада өтетін алдағы көрмеге туристерді тарту саласындағы серіктестікті жандандыруға бағытталған.

Соңғы жаңалықтар