Ұшақта толық адаммен бірге отырған Италия азаматы әуе компаниясын сотқа берді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Emirates әуе компаниясына |Италия азаматынан шағым түсті. Ол Кейптауннан Дубайға дейінгі 9 сағаттық сапары барысында салмағы шектен тыс көп азаматтың жанында отырып барғанына наразы. Бұл туралы Arabian Business хабарлады.

Италия азаматының сөзінше, салмағы шектен тыс ауыр азамат оның орнының басым бөлігін алып отырған. Осыдан соң Италия азаматы Emirates өкілдерінен өзге орынға ауысуға рұқсат беруді сұраған. Алайда, ұшақ қызметкерлері онда өзге бос орын жоқ екендігін айтып, италиялықтың орнын ауыстыруына рұқсат бермеген және ол үшін жолаушыдан кешірім де сұрамаған, деп жазады Росбалт. Ал жолаушы 9 сағат бойы адамдар жүретін жолда тұруға мәжбүр болған.

Енді Италия азаматы ұшақта өткізген уақытқа кеткен шығынды қоса есептеген 3 мың доллар өтемақы төлеуді талап етіп отыр.

Соңғы жаңалықтар