08:03, 26 Қыркүйек 2016 | GMT +6
Улы медуза кесірінен Таиланд жағажайлары жабылуда
АСТАНА. ҚазАқпарат -Таиланд билігі медуза тәрізді қауіпті теңіз жәндіктерінің шабуылынан Пхукет аралындағы үш жағажайды жапты.
ThaiPBS порталының хабарлауынша, қауіпсіздік мақсатында Сиринат ұлттық паркінің әкімшілігі Пхукет аралында орналасқан Най-Янг, Най-Тонг және Лаян жағажайларын жапқан.
«Португалдық кемелер» деп аталатын физалиялар медузаға ұқсайды, алайда өте қауіпті. Ол шаққан адам денесі айтарлықтай күйіп қалуы мүмкін.