Түйнеме табылған Ертіс ауданында 18 адам жазасын алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түйнеме табылған Ертіс ауданында 18 адам жазасын алды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Аудандық ветеринарлық станцияда жүргізілген тексеріс нәтижесінде прокурорлар статистикалық есептің және малға реттік сан берудің дұрыс жүргізілмеуін, малды көмуде заң талап еткен ережелерді ұстамаған болып шықты. Бұған қоса, малға екпе жасалған кезде дәрінің мөлшері дұрыс енгізілмегені және ветеринарлық шараларды уақытылы жасалмағаны анықталды. Бұдан басқа, қадағалаушы органдар арнайы мамандардың жетіспеушілігін алға тартты.

«Аталған барлық бұзушылықтарға сәйкес Ертіс ауданының ветеринарлық станциясының басшысына ҚР әкімшілік құқықбұзушылық Кодексінің 406- бабы үшінші бөлімі бойынша 125 АЕК айыппұл салынды. Сонымен қатар, 16 мал дәрігері мен ведомстволық бақылауды дұрыс жүргізбегені үшін аудан әкімінің орынбасары тәртіптік жауапкершілікке тартылды», - деді облыстық прокуратураның баспасөз қызметінде.

Естеріңізге сала кетсек,  8 шілде күні Ұзынсу ауылының 51 жастағы тұрғыны қолындағы жаралар мен дене температурасының жоғарылауына шағымданған. Дәл сол күні сол ауылдағы 31 жастағы әйел де денсаулығына шағымданған. Науқастар облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілген. 17 шілде күні түйнемеден 51 жастағы Бекболат Рахметов көз жұмды. Белгілі болғандай, олар етін жеген мал 27 маусымда Ұзынсу ауылындағы жайылымда сойылған. Артынша бұл 117 келі еттің Ертіс ауданындағы «Майра» дәмханасына өткізілгені белгілі болды. Жұқпалы етті жеуі мүмкін деген 95 адам анықталды. Ертіс ауданында 24 адам ауруханаға жатқызылып, 64 адам бақылауға алынды. Павлодар қаласында жеті адам ақ халаттылардың бақылауында болды. 16 шілде күні Ертіс аудандық ауруханасында жатқан 24 адам дәрігерлердің бақылауымен аурухадан шығарылды.

Соңғы жаңалықтар