Тұтқынға алынған адам қашып кетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бішкекте тергеу қамауына алынған адам қашып кетті, деп хабарлады КирТАГ қалалық ҚІІБ-ға сілтеме жасап.

«11 қарашада, шамамен  сағат 17:00-де, тергеу қамауына алынған Шу облысы Тоқмақ қаласында тұратын  1995 ж.т. Рамазан Керімұлы Ляхунов қашып кетті», - делінген ҚІІБ  хабарламасында.

Ізін суытқан азаматтың ұлты дұңған, бойы 160-165 см, шашы қара, көздері қоңыр. Қара түсті шалбар, жасыл сұрмен араласқан капюшоны бар камуфляжды күрте киген, аяғында қара түсті кроссовка.

Соңғы жаңалықтар