Түркияда теміржол бойында жарылыс болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркияның оңтүстік-шығысында жүк көлігінің қозғалысы барысында теміржол бойына орнатылған бомба жарылды.

Бұл туралы Reuters дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.

Агенттік сұхбаттасының айтуынша, жарылыс салдарынан пойыз машинисі зардап шекті. Оқиға Иран шекарасына жақын жерде, Түркияның Сарай қалашығының маңында орын алды.

Агенттіктің дереккөздері жарылысқа Күрдістан Жұмыс партиясының содырлары жауапты екендігін нақтылап өтті. 

Соңғы жаңалықтар