Түркия СІМ қазақстандықтарды Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен құттықтады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Түркия Сыртқы істер министрі Мевлюд Чавушоғлы қазақстандықтарды ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтады, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін орайы келіп тұрғанда Қазақстан халқын Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен құттықтаймын. Біз Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жетекшілігмен Қазақстанның 25 жыл ішінде қандай жетістіктерге жеткенін көріп отырмыз», - деді бүгін Алматыда Қазақстан-Түркия СІМ кездесуінен кейінгі брифингте Түркия сыртқы саясат ведомствосының басшысы Мевлюд Чавушоғлы.

Сонымен қатар, ол Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2017-2018 жылдарға тұрақты емес мүшесі болып сайлануымен де құттықтады.

Өз сөзінде Мевлюд Чавушоғлы Қазақстанның Түркиядағы мемлекеттік төңкеріс жасамақ болған әскерилердің оқиғасынан кейін Қазақстанның бірінші болып қолдау көрсеткенін де атап өтті.

Айта кетейік, бүгін Алматыда Қазақстан мен Түркия арасындағы Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесі аясындағы стратегиялық жоспарлау жөніндегі бірлескен тобының отырысы өтті. Жиынға Қазақстан мен Түркия Сыртқы істер министрлері Ерлан Ыдырысов пен Мевлюд Чавушоғлы қатысты.

Соңғы жаңалықтар