Ауа райы
Астана 12 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 337.37
EUR 378.29
RUB 5.30
CNY 50.58

Тұрғын үй-құрылыс жинақ банкі «Қолжетімді баспана-2020» мемлекеттік бағдарламасына өз баламасын әзірледі

2016 жылдың 26 қаңтар 10:36

АСТАНА. ҚазАқпарат -  «Бәйтерек» холдингінің еншілес компаниясы «Қазақстан Тұрғын үй-құрылыс жинақ банкі» АҚ 2022 жылға 

дейін банк салымшыларын қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету бойынша «Өз үйім» дағдарысқа қарсы бағдарламасын әзірледі.

Банктің баспасөз қызметі хабарлағандай, бағдарлама үш бағыттан тұрады: жергілікті атқарушы органдармен (ЖАО) өзара іс-қимыл, мемлекеттік-жеке әріптестік және екінші деңгейдегі банктермен ынтымақтастық.

Қазіргі сәтте ЖАО-мен, екінші деңгейлі банктермен, құрылысшылармен келіссөздер жүргізілуде.

 «Өз үйім» бағдарламасының негізгі артықшылығы - Тұрғын үй-құрылыс жинақ банкі салымшылары үшін толық басымдық, шаршы метріне төмен баға, валюталық бағамға тәуелді болмау, үй сатып алуда ерекше жағдайлардың болмауы.

Бағдарламаға кез келген банк клиенті қатыса алады. Алайда бірінші кезекте үй сатып алуға құқықты меншігінде жылжымайтын мүлкі жоқ салымшылар ала алады.

Мұның 2020 жылға дейінгі өңірлерді дамыту мемлекеттік бағдарламасынан айырмашылығы - соңғы екі жылда Алматы және Астана қалаларында тіркелу талабы болмайды. 

Бүгінде бағдарлама аясында орташа баға шаршы метріне 180 мың теңгені құрайды. Жылдық проценттік мөлшерлеме - 5-тен 10 пайызға дейін. 2016 жылы бағдарламаның барлық бағыты бойынша 350 мың шаршы метр құрылыс көлемі пысықталады. «Өз үйім»  бағдарламасы аясында 1,5 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарлануда.

Банктің дағдарысқа қарсы бағдарламасы 2020 жылға дейінгі Өңірлерді дамытудың мемлекеттік бағдарламасына қосымша болады. Банк салымшылары қолжетімді бағамен үй сатып алудың баламалы мүмкіндігін алады. «Өз үйім» бағдарламасының бірегейлігі салымшылардың ашық дауыс беру арқылы тұрғын үй құрылысшылары мен жобаны таңдауын қамтиды. Бағдарламаны қаржыландыру банктің жеке қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

 «Жас отбасыларға арналған тұрғын үй» және «Халықтың барлық санатына арналған тұрғын үй» бағыттары бойынша 2020 жылға дейін Өңірлерді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында биыл 459 мың шаршы метрге келісім іске асырылады. Мемлекеттік бағдарлама аясында тіркеледі. Өңірлерде белгіленген баға шаршы метрі 90-110 мың теңге, Астана мен Алматы қалаларында шаршы метріне 143 мың теңге.

 

 

Пiкiрлер

  • 27.01.2016ғалия
    бұл бағдарлама өте жақсы екен.дал осылай іске асса игі еді
  • 28.01.2016Насихат Мырзабаевна
    Өте тиімді бағдарлама сияқты. Бірақ мен қарапайым жұртқа айлық мөлшерде қаншаға түсіп тұрғанын түсіне алмадым.
  • 28.01.2016Райхан
    Атында үйі бар адамдарға берілмей ма?
  • 03.02.2016талгат
    Халыкка тиімді болса өте жақсығой.
  • 09.03.2016Рустем
    Егер де мен Тараз қаласында тұрып Астана қаласынан үй алуға бола ма?

Пікір қалдыру