Тұңғышбай Жаманқұлов ұсталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет бюросы «Феникс» көркем фильмін түсіруге арналған бюджеттік қаражатты жымқырған фактіні анықтады, деп хабарлайды агенттіктің баспасөз қызметі.

Тергеу «Қазақфильм» АҚ фильмнің бастапқы әзірлік және дайындық кезеңдеріне «Т.К.TURAN UNIVERSAL BUSINESS» ЖШС-ға 79 млн теңге бөлгенін анықтады.

Оның 69 млн теңгесін оның  құрылтайшысы болып табылатын «Т.К.TURAN UNIVERSAL BUSINESS» ЖШС арқылы картинаның бас  продюсері Тұңғышбай Жаманқұлов жымқырған.

Ақша қосалқы мердігерлік ұйым арқылы Т. Жаманқұловқа беріліп отырған.

Сондай-ақ «Қазақфильм» АҚ-ның экономика және қаржы басқарушы директоры Г. Ысқақова мен атқарушы продюсер Н. Юдинаның ұрлыққа қатысы барлығы дәлелденді. Олар сот санкциясы бойынша тұтқындалды.

Бүгін, 2 қарашада аталған қаржыны жымқырды деген күдікпен Тұңғышбай Жаманқұлов ұсталды.

Соңғы жаңалықтар