Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 10 °С
валюта бағамы
USD 337.56
EUR 379.35
RUB 5.27
CNY 50.62

Toyota компаниясы көліктерді шығаруды тоқтатты

2016 жылдың 8 ақпан 08:09

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапонияның ең ірі автоконцерні Toyota елдегі 16 зауытта болаттың жетіспеуінен конвейерлерді алты күнге тоқтатты.

Бірлестіктің бағалауынша, бұл 70-80 мың бірлік көлік шығарылымының қысқартылуына әкеліп соқтырады. Toyota бұл қадамға соның ішінде қозғалтқыштарды жинау кезінде пайдаланылатын болаттың жетіспеушілігіне байланысты баруға мәжбүр болды. Бұған қаңтарда Айти префектурасындағы жеткізуші зауыттардың бірінде болған жарылыс себеп болып отыр, деп хабарлайды РИА Новости.

Жапонияда компанияның иелігінде автомобильдерді құрастыратын 16 кәсіпорын бар. Күн сайын Жапонияда конвейерден бұл марканың 13-14 мың көлігі шығарылады. 

 

 

Басты сөздер: Әлем,

Пікір қалдыру