Тоғыз айда 1211 спорттық шара ұйымдастырылды-Қызылорда облысы

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат-Облыста өткізілетін бұқаралық-спорттық және дене шынықтыру сауықтыру іс шараларының саны артып келеді. Есепті кезеңде 1211 іс-шараға 312 980 адам қатысқан,-деп хабарлады ҚазАқпарат облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасына сілтеме жасап.

Ауқымды іс-шаралар болып табылатын 7600 жасөспірімнің қатысуымен «Бәріңде жарысқа» «Нашақорлыққа-жол жоқ», Ұлы Жеңістің 71 жылдығына арналған Кеңес Одағының батыры Т. Көмекбаев атындағы самбодан халықаралық мемориал, жауынгер-интернационалист Б.Шалғынбаевты еске алуға арналған футзалдан, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Т.Сегізбаевтың жүлдесі үшін футболдан республикалық турнирлер, А.Махамбетовты еске алуға арналған шахматтан ҚР кубогы, 30 команда, 1500-ге жуық мемлекеттік қызметкерлердің қатысуымен облыс әкімінің жүлдесіне арналған 21-ші спартакиада өткізілді.

Сондай-ақ, ұлттық спорт түрінің бұқара арасында кеңінен насихаттау мақсатында қазақ күресінен «Алтын белбеу» облыстық турнирі өткізіліп, Қызылорда қаласы мен барлық аудандардан 8000-ға жуық спортшы қатысты.

Облыста футболды кеңінен насихаттау мақсатында биыл 4-ші жыл қатарынан облыстық чемпионат дәстүрлі түрде ұйымдастырылды. 1000-ға жуық ауыл спортшыларының қатысуымен спорттың 15 түрінен «Алтын күз-2016» облыстық спартакиада, дзюдодан Б.Сүлейменов атындағы халықаралық турнир, қазақ күресінен М.Нәлібаевты еске алуға арналған ҚР чемпионаты және «Түйе палуан» арасында халықаралық трунир өткізілді.

Өткізілген шаралардың барлығы ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналады.

Бұқаралық спортты дамыту жұмыстары тұрақты жүргізіліп отыр. 2009 жылдың өзінен бастап спорт нұсқаушыларын тарту үшін жыл сайын облыстық бюджеттен 100 млн. теңгеге жуық қаражат бөлініп келеді. Бүгінгі күнге облыстың 133 елді мекендерінде 263 спорт нұсқаушылары жұмыс жасап, 40 040 адам тұрақты дене шынықтырумен шұғылдануға баулып келеді. Нәтижесінде облыста дене шынықтыру және спортпен тұрақты түрде шұғылданушылар саны - 192 885 адамды құрап, жалпы тұрғындар үлесінің 25,3 пайызына жетіп отыр.

Сондай-ақ, облыста қыркүйек айында қысқы спорт түрлерін дамыту мақсатында шорт-трек бөлімшесі ашылды.
Жоғарғы білікті спортшылар және спорт резервін әзірлеу бағытында Олимпиада резервін даярлау орталығы, жоғары спорт шеберлігі мектебі, спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты және 21 балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері жұмыс жүргізуде. Cпорт мектептерінде 16 439 оқушы 31 спорт түрімен шұғылданады.
Облыс спортшылары ҚР чемпионаттарында 446 медальдарды жеңіп алды. Оның ішінде: 134 алтын, 132 күміс, 180 қола медальдар. Азия, Әлем чемпионаттарында - 21 медаль, оның ішінде 8 алтын, 6 күміс және 7 қола медальдар.

Сонымен қатар, 2-ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушы, 1- ҚРЕССШ (А. Зайчиков), 3-ХДСШ, 22 - СШ, 400 - СШҮ спортшылар дайындалып, Еліміздің Ұлттық құрама командасына спорт түрлерінен 395 спортшы енді. Еркін күрестен Дәулет Ниязбеков екінші жыл қатарынан Азия чемпионы атанса, мәнерлеп сырғанаудан Элизабет Тұрсынбаева жасөспірімдер II қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдесін иеленді.

Каратэ-додан Мөлдір Жаңбырбай мен Нұржан Ақпанбет Әлем чемпионы атанса, шахматтан Назерке Нұрғали Азия чемпионы, Әсел Серікбай күміс жүлдені еншіледі. Самбодан Мақсат Исақабылов пен Жания Махмудова Азия чемпионы атанып, еліміздің Әнұранын екі мәрте шырқатты.

Мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында Ислам Салимов жеңіл атлетикадан Азия-Мұхит чемпионатының күміс, қола жүлделерін иеленді.

Сондай -ақ, Жақсыбек Жеңісбек дзюдодан жастар арасында Азия чемпионы атанса, Адия Сайын мен Салтанат Сұлтанбекова қола жүлдені еншіледі. Евгений Ломанов ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасында Әлем чемпионатының қола жүлдесін иеленді.

Есепті кезеңде спорт түрлерінен 6 ҚР чемпионаты(велоспорт, шахмат, отырып ойнау волейболы 2-ші айналым, су асты балық аулау, ұлттық спорт түрлері, шайбалы хоккей 1-туры), 3 халықаралық турнир, 18 республикалық турнирлер, балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері арасында16 облыстық біріншіліктерұйымдастырылып өткізілді.

Биылғы жылдың басты да маңызды оқиғасы Рио-де -Жанейрода өткен Олимпиада ойындарына облыстан 3 спортшы қатысып, ауыр атлетикадан Александр Зайчиков қола жүлдені иеленді. Еркін күрестен Ғалымжан Өсербаев 5-орынды еншілесе, таеквондодан Айнұр Есбергенова бағын сынап, тәжірибесін шыңдады.

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы алдағы уақытта да дене шынықтыру және спортпен шұғылданушылар санын арттыруды міндет етіп қойып отыр. Гандболдан әйелдер арасында бірінші Азиялық клубтың чемпиондар лигасын өткізу міндеті тұр алды. Желтоқсан айында ауыр атлетикадан ҚР кубогін ұйымдастырылады. Сонымен бірге қыс маусымындағы спорт түрлерін дамыту жалғасын табатын болады.

Соңғы жаңалықтар