Тимур Құлыбаев Виталий Худяков пен Ксения Романчукты жүлделерімен құттықтады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Ұлттық олимпиада комитетінің президенті Тимур Құлыбаев ашық суда жүзуші Виталий Худяковты V Азия жағажай ойындарындағы жарқын жеңісімен құттықтады.

"Құрметті Виталий! Қазақстан Республикасы Ұлттық олимпиада комитеті және өз атымнан Сізді Данангтағы V Азия жағажай ойындарында қол жеткізген керемет жеңісіңізбен құттықтаймын. Сіздің 5 және 10 шақырымдық қашықтықта ешкімге дес бермей жеңіс тұғырынан көрінуіңіз жылдар бойғы жаттығулар мен мақсатқа жетудегі табандылығыңыздың айқын көрінісі. Мен Сізге осынау жетістігіңіз үшін алғыс білдіріп, сәттілік тілеймін. Алдағы уақытта жарқын жеңістеріңіз көп болсын!", - деп атап өткен Т.Құлыбаев.

 Сондай-ақ, ҚР ҰОК президенті Тимур Құлыбаев спортшы Ксения Романчукты V Азия жағажай ойындарындағы қола медалімен құттықтады.

"Құрметті Ксения! Данангтағы V Азия жағажай ойындарында жеңіп алған қола медаліңізбен шын жүректен құттықтаймын! Ашық суда жүзу спортындағы жарыс өте тартысты өтетіні мәлім. Үлкен бәсекелестікке қарамастан, Сіз жеңіске жетуге барыңызды салып, Азия құрлығындағы үздік үштікке кіре алдыңыз. Мен Сізге халықаралық спорттық ареналарда сәттілік пен жаңа жеңістер тілеймін. Сізді әлі талай рет жеңіс тұғырынан көреміз деп сенеміз!", - делінген құттықтауда. 

Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық спортшылар Виталий Худяков пен Ксения Романчук ашық суда жүзу спортынан V Азия жағажай ойындарында тағы екі медаль жеңіп алды. Виталий Худяков бес шақырымдық қашықтықта чемпион атанса, Ксения Романчук он шақырымда қола медаль еншіледі. Бұған дейін, Виталий Худяков он шақырымдық бәсекеде топ жарған еді.

Соңғы жаңалықтар