Теміртауда тау болып жатқан өндірістік қалдықтан цемент өндірмек

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының Теміртау қаласында домен күлінің үйінділерінен цемент өндіретін зауыт салынады.

«Компаниямыз бірнеше жылдан бері өндірістік қалдықты өңдеумен айналысып келеді. Таяу мерзімде шлакты қайта өңдеу уаскесі өндірісін жаңғырту және ары қарай дамыту жоспарлануда, ал болашақта домен күлінен цемент өндіретін жаңа зауыт салу көзделіп отыр», - деді «АлбаСтройДор» ЖШС директоры Сергей Ким.

Кәсіпкер жобанің «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының міндеттері мен еліміздің «жасыл экономикаға» бетбұрысына сай келетіндігін атап өтті.

«Жоба өте қымбат, миллиондаған доллар тұрады. Жаңа алаң мен жаңа ғимараттар салу қажет. Қазір «АрселорМиттал Теміртаумен» талқылаудамыз. Егер барлығы бекітілсе 2017 жылы жобалық-сметалық құжаттамаға тапсырыс береміз. Зауытты шамамен екі жылда тұрғызамыз деген ойдамын», - дейді С. Ким.

Кәсіпорын Еуропа қайта құру банкінен қаржылық қолдау күтеді.

«АлбаСтройДор» ЖШС «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-мен келісімшарт бойныша домен цехының күлді қайта өңдейтін учаскесін аутсорсингке алған болатын.  Кәсіпорында 200 адам еңбек етеді. Компания өндірістік қалдықты қайта өңдеуді арттырып және дайын өнімді өткізуде жолға қойды. 

Соңғы жаңалықтар