Теміртауда 2017 жылы жолдарды жөндеу басты назарда болмақ

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында Теміртау қаласында 2017 жылы жолдарды жөндеу басты назарда болмақ, деп хабарлады ҚазАқпарат облыстық әкімдікке сілтеме жасап.

Қарағанды облысы әкімінің бірінші орынбасары Асылбек Дүйсебаев металлургтер қаласында 2017 жылды жолдар жылы қылу бастамасын көтерген.

«2017 жылы Теміртауда жолды жөндеудің ауқымды жұмыстарын орындау жоспарланған, оның көлемін 7 есеге арттыру жоспарланған.  Дүйсебаев бір апта мерзімінде сметалар мен жөндеу маусымында мердігер ұйымдардың жұмыстарды жүзеге асыру мүмкіндіктерін ескеріп, егжей-тегжейлі сараптама жүргізуді тапсырды. Өнеркәсіптік кәсіпорындармен бірге «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында автомобиль жолдарын жөндеу мәселесі қарастырылады», - делінген хабарламада.

Сараптама қорытындысы бойынша 2017 жылы Теміртау тас жолдарын жөндеуге қосымша қаржыландыру мәселесі қарастырылады.

Сонымен қатар, облыс әкімінің бірінші орынбасары келесі жылы  металлургтер қаласында жүзеге асыру көзделген жобаларды уақытында жүзеге асыру бойынша бірқатар тапсырма жүктеді.

Билік ақпаратынша, 2016 жылы Теміртауда  автожолдың 3 шақырымы ғана жөнделді. Соңғы 5 жылда  қалалық трассаның  5-6 км артық аумағы қалпына келтірілмеген. 

null

Соңғы жаңалықтар