Тайландтың бұрынғы премьері Йинглак Чинаватқа 1 млрд доллар айыппұл салынды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тайландтың бұрынғы премьер-министрі Йинглак Чинават өз міндетіне жауапсыз қарағаны үшін 35,7 миллиард бат (1 миллиард доллардан астам) айыппұл төлеуі тиіс.

 Бұл шешімді арнайы мемлекеттік комиссия қабылдады, деп хабарлады ТАСС жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.

Чиноватқа қатысты тергеу ақпанда аяқталды. Комиссия оны 2013-2014 жылдарда шаруалардан күрішті кепілмен сатып алу бойынша мемлекеттік бағдарламаны іске асыруға жауапсыз қарағаны үшін айыпты деп таныды. Ал айыппұл мөлшерін анықтауға тағы сегіз ай кетті.

Соңғы жаңалықтар