Таразда зергерлік дүкенді тонап кетті

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Таразда ірі зергерлік дүкен тоналды, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Алдын ала деректер бойынша, қаскүнемдер терезе торын бұзып, үй-жайға кірген. Ғимаратта дабыл беру жүйесі жоқ болған.

Тараз орталығындағы зергерлік дүкенде алтыннан, бағалы тастар мен металдардан жасалған зергерлік әшекейлердің түр-түрі сатылған.

ІІД тергеудің егжей-тегжейлі мән-жайын кейінірек беруге уәде берді.

Соңғы жаңалықтар