Таразда Достық үйі ашылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алдағы екі аптаның ішінде Таразда Достық үйінің жаңа ғимараты пайдалануға беріледі.

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Ерқанат Мажуов мәлім етті.

«Достық үйі ғимаратының құрылысын біз өткен жылы бастаған болатынбыз. Қазіргі кезде әрлеу жұмыстары жүріп жатыр. Менің ойымша, алдағы апталарда бұл нысанды толықтай пайдалануға береміз. Нысындағы жұмыстарды облыс әкімі өзі бақылап отыр»,-деді Манжуов.

Қазақстан халқы Ассамблеясының Достық үйі ғимараты «Көне Тараз» тарихи-мәдени кешенінің аумағында орналасты. Нысанның құрылысына 1,27 млрд. теңге бағытталды. Бас мердігер  - «Астана-Авто-Құрылыс»  ЖШС. Екі қабатты ғимараттың биіктігі 10 метрден астам. Нысан биылғы жылы жамбылдықтарға Тәуелсіздіктің 25 жылдығына тарту ретінде ұсынылмақ.

Соңғы жаңалықтар