Таразда 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің тарихына арналған кітап жарық көрді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында «Түркістан өлкесіндегі 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс тарихы (Сырдария және Жетісу облыстарының материалдары бойынша)» монографиясының тұсаукесері өтті. Ғылыми еңбектің авторы ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Дария Қожамжарова, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталған оқу орны баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, монографияда 1916 жылғы орыс патшасының «Маусым» жарлығына қарсы Түркістан өлкесінде өткен жергілікті халықтар: қазақ, өзбек, қырғыз, дүнген, ұйғырлардың көтерілістері баяндалады.

Ғылыми еңбекте Түркістан өлкесіндегі, атап айтқанда, Сырдария мен Жетісу облыстарындағы жергілікті тұрғындардың 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске шығуының әлеуметтік-экономикалық, саяси-рухани себептері мен алғышарттары, көтерілістің басталуы мен барысы, патшалық әкімшілік тарапынан көтерілісті қатыгездікпен басып-жаншуы, жеңіліске ұшыраған халықтың босқыншылыққа ұшырап, көршілес жатқан Қытай жеріне ауа көшуі, қос империяның қыспағына түскен босқындарды тарихи Отанына қайтарудағы қазақ зиялыларының еңбектері мұрағаттық құжаттар мен тарихи деректердегі мәліметтерге сүйене отырып жазылған.

Кітап студенттер, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен тарихқа қызығатын оқырман қауымға арналған.

Соңғы жаңалықтар