Талдықорғанда Бақытбек Есентаевқа қатысты сот отырысы басталды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғанда Бақытбек Есентаевқа қатысты сот отырысы басталды деп, хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында іс жабық режимде өтіп жатыр. Өзінің көлігінде жұбайын зорлап, бірнеше жерден пышақтаған Бақытбек Есентаев бірнеше қылмыстық бап бойынша айыпталуда.

Б. Есентаев ҚР ҚК-нің 24-бап 3-бөлімі, 99-баптың 2-бөлімі 10-тармағы (зорлаумен немесе сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерiмен ұштасқан адам өлтiруге оқталу) 120-баптың 1-бөлімі (зорлау) 121-баптың 1-бөлімі (сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері)  бойынша айып тағылғаны белгілі болды.

Осы уақытта Алқа билер мүшелері анықталып жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, Баян Мақсатқызы маусымның оны күні бірнеше жерден пышақталып, ауыр жарақатпен Талғар ауданындағы ауруханаға түскен болатын. Белгілі  продюсер, екі баланың анасы Баян Мақсатқызын  өзінің күйеуі өлтірмек болды деген күдікпен Бақытбек Есентаев ұсталып, қамауға алынды. Сондай-ақ қазіргі  таңда Баян бұрынғы тегіне қайта оралған сыңайлы. Ол әлеуметтік желідегі парақшаларына Баян Мақсатқызы деген өзгеріс енгізген. 

 

Соңғы жаңалықтар