Талдықорған прокуратурасы бірқатар шетелдік сайттардың Қазақстан аумағына таралуына тыйым салмақ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Талдықорған прокуратурасы бірқатар шетелдік сайттардың Қазақстан аумағына таралуына тыйым салмақ. Бұл туралы қалалық прокуратураның баспасөз қызметінен хабарланды.

«Шет елдік электрондық бұқаралық ақпарат құралдары Қазақстан Республикасының заңнамаларын өрескел бұзып отыр. Дәлірек айтқанда шетелдік интернет ресурстарында Қазақстанның кез-келген пайдаланушысы кіре алатын «онлайн-казино» сынды құмар ойындары орнатылған. Қазіргі таңда интернет сайттарындағы электрондық казино және онлайн-казино туралы сілтеме мен ақпараты бар ресурстардың жолын кесу қажеттілігі туындаған. Осыған орай Талдықорған қалалық прокуратурасы Алматы облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына «www.latestcasinobonuses.su» және «www.joy-kasino.com» интернет ресурстары бар шет елдік бұқаралық ақпарат құралдарының өнімін Қазақстан Республикасының барлық аумағында таратуға тиым салу туралы шағым түсірді», - делінген баспасөз баянында.

Сәйкесінше «Dead or Alive», «Jurassic Jackpot», «Elements» және тағы басқа онлайн-казино ойындары бар екі сайттың Қазақстанның барлық аумағында таратылуына тиым салу туралы сот шешімі шығарылды. «Қазақстан Республикасының «Ойын бизнесі туралы» заңының 11-ші бабына сәйкес, казино мен ойын залдары, ойын автоматтары Алматы облысының Қапшағай су қоймасы маңында және Ақмола облысының Щучинск ауданында рұқсат етілген», - дейді Талдықорған қалалық прокуратурасының аға прокуроры Нұрбол Жананов.

 

Соңғы жаңалықтар