Табиғи монополиялар туралы жаңа заң Парламент қарауына 2017 жылдың маусымында енгізіледі - Бишімбаев

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Мәжілісі Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбев ұсынған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бәсекелестік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Министр құжатта Монополияға қарсы қызметтің міндетін, мәртебесі мен  жұмыс тәртібін, сондай-ақ басқа елдердің құқық қорғау органдарымен және монополияға қарсы ведомстволарымен бірігіп жұмыс істеу тетігін айқындау ұсынылып отырғанын атап өтті. Егер келісімдер бәсекелестікке қарсы сипатта болса және бәсекелестікке қауіп төндірсе, зияткерлік меншікке  айрықша құқыққа қатысты алып қоюларды жою көзделген. Бұл, Бишімбаевтың пікірі бойынша,  қазақстандық кәсіпкерлерді шетелдік тауар өндірушінің нақты өкілімен келісім жасауға мәжбүрлеген жағдайларда ден қоюға мүмкіндік береді.

Ол табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар салаларын тарифтік реттеудің қолданыстағы жүйесін  реформалаусыз  бәсекелестікті тиімді дамыту мүмкін еместігін атап өтті.

Бишімбаевтың айтуынша, келесі қадам тариф белгілеу реформасы болады. Реформаның бірінші кезеңінде ЕҚДБ-мен бірлесіп  халықаралық қаржы ұйымдарынан қарыз тартатын субъектілерді реттеудің ерекше тәртібі әзірленді, екінші кезеңде сондай инвестицияларды  тартатын  субъектілерді реттеудің ерекше тәртібіне көшу көзделеді.

«Ынталандыру әдісінің мәні - нақты шығындар байланыстырудан бас тарту және субъектілерді инновацияларға ынталандыру. Бүгінгі күні  осы әдістерді енгізуге 1998 жылы әлемдік қаржы дағдарысы жағдайында қабылданған  қолданыстағы Табиғи монополиялар туралы заң кедергі келтіреді», - деп мәлімдеді министр.

Ол министрлік табиғи монополиялар туралы жаңа заңды әзірлеуге кіріскенін және 2017 жылғы маусымда ол Парламентке қарауға енгізілетінін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар