Сыбанбаеваны өлтіру күдігіне іліккен азаматтың мүрдесі 26 маусымда Есіл өзенінен табылған - ІІМ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Балдырған Сыбанбаеваны өлтіру күдігіне іліккен 25 жастағы жігіттің мүрдесі ағымдағы жылдың 26 маусымы күні Есіл өзенінен табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Астана қалалық ІІД Тергеу басқармасы азаматша Б.Н.Сыбанбаеваның із-түссіз жоғалу фактісіне орай ҚР ҚК-інің «Кісі өлтіру» 99-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу бастаған болатын. Тергеу жүргізу барысында күдікті азамат Б-ның аталған қылмысты жасағандығы дәлелденген. Күдіктінің мүрдесі 2016 жылғы 26 маусымда Есіл өзенінен табылды», - деді ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев ҚазАқпарат тілшісіне.

Оның айтуынша, бұл қылмыстық іс Есіл аудандық ІІБ Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелген.

«Астана қалалық ішкі істер департаменті аталған қылмыстық іс бойынша оқиғаның мән-жайын объективті тергеу бағытталған қажетті жедел тергеу шараларын жүргізуде», - деді Садубаев.

Естеріңізе сала кетейік, 28 маусымда Астана қалалық ішкі істер департаментінің полицейлері азаматша Сыбанбаеваны өлтіруі мүмкін күдіктіні анықтағандығы жарияланған болатын. Ал  26 маусымда қалалық ІІД Пригородный кентінің жанындағы ағаштардың арасында  осыған дейін із-түссіз жоғалып кеткен азаматша Сыбанбаеваның зорлық белгілері бар мәйіті тапқан еді.

Айта кетерлігі, 19 маусымда Астана қаласы аумақтық ІІБ кезекші бөліміне 18 маусымда сағат 03:00-де туысы Балдырған Сыбанбаева «Ретро» түнгі клубынан шығып кетіп, содан қайтып оралмағаны жайлы шағымданған.

Соңғы жаңалықтар