Судьялар съезі әділ сотты жүзеге асыру мәселелерін шешу мақсатында өткізіледі

None
None
мАСТАНА. ҚазАқпарат - Судьялар съезі мемлекеттің судьялық қауымдастығының басты форумы болып табылатыны көпшілікке мәлім. Судьялар съезі әділ сотты жүзеге асыру, сот шешімдерін орындау, сот жүйесі қызметкерлерінің моральдық - этикалық нормаларды сақтау, оларды әлеуметтік қорғау мәселелерін талқылау және шешу, сонымен бірге ел билігінің үшінші тармағының қызметімен байланысты басқа сұрақтарды шешу мақсатында өткізіледі.

Съездердің жұмысына республиканың барлық өңірінен судья ұжымдарының делегаттары, орталық мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басшылары, заң қоғамдастығының өкілдері, МЕҰ және халықаралық заң ұйымдары қатысады.

Қазақстан Республикасы судьяларының 2013 жылдың 20 қарашасында Астана қаласында өткен алтыншы съезінде тәуелсіз әділ сотсыз заңға деген құрметке қол жеткізу және қоғамда әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету мүмкін еместігі аталып өтті. Осыны ескере,  Қазақстан Республикасының судьяларының съезі құқықтық реформаны қамтамасыз ету ісінде судьялардың қоғамдық-саяси белсенділігін күшейтуге айырықша мән берді және судьялар қауымдастығының алдына қойған міндеттердің маңыздылығын түсіне, судьялар республикалық қоғамдық бірлестік түріндегі судьялар Одағын құру қажеттілігіне келді.

Судьялардың съезі судьялар қауымдастығында моральдық тазалықты,  әдептілікті және жоғары эрудицияны қайта жаңғырту қажеттілігін негізге ала судьялар этикасының Кодексін қабылдауды мақсатты деп таныды.

 Съездің жұмысына Қазақстан Республикасының  Президенті Н.Ә.Назарбаев, Үкімет басшылары,  әділет Министрі және Қазақстан Республикасының басқа ведомство басшылары  қатысты.

Мені сол кезде Нұрсұлтан Әбішұлының негізгі баяндамашыны, әрбір сөз сөйлеушіні аса ықыласпен тыңдағаны және Съездің бүкіл отырысы бойы өзі тек екі рет ғана қысқаша жазба жасағаны таң қалдырды.  Ал  әрбір сөз алғандарға сілтеме жасай отырып, олардың аты-жөнін, лауазымын атай, Республика соттарының жұмысындағы жалпы жетістіктерге, сонымен бірге кемшіліктеріне және оларды алдын-алу жолдарына тоқтала, дайын мәтінсіз сөз сөйледі.

Президент  сонымен бірге 1993 жылда қабылданған Қазақстан Республикасының Конститутциясынан кейін 1995 жылдың 20 желтоқсанында қабылданған «Қазақстан Республикасының соттары және судьялардың беделі» Конституциялық Заңның ережелеріне де тоқталды.   Бұл Заңды әрі қарай жетілдіру, яғни әділ сотты жүзеге асыруға қатысты заңнаманы түбегейлі өзгерту қажеттілігін айтты, бұл оның сот құрылымы және сот өндірісі сұрақтарында жеткілікті білікті екендігін куәландырады. 

 Осы нұсқаманы ұстана,  Жоғары Соттың басшылығы Одақпен бірге   судья қауымдастығының имиджін нығайту бойынша көп қырлы, тынымсыз еңбек жасай бастады.  Бұл жұмыс заңнамалық және материалдық-қаржылық сипаттағы шаралармен бекемделеді.

Съезд  ҚР Жоғары Сотының төрағасы Қайрат МӘМИДІҢ баяндамасын тыңдады, сәйкес шешім қабылдады, судьялар Одағының Жарғысына өзгертулер және толықтырулар енгізді судья қауымдастығының атқарушы органының жаңа құрамын сайлады.  Съездің негізгі тақырыптары ретінде әділ соты жүзеге асыру кезінде заңдылықты сақтау бойынша судьялық корпустың қызметі болды.

Съезде  алдағы жылдарда судья қауымдастығының және мемлекеттік биліктің сәйкес органдарының күш-жігері сот билігінің беделін және мәртебесін арттыруға, судьялардың шынайы дербестігін қамтамасыз етуге. Сот жұмысы кадрларына принципшілдік,  әділдік және адалдық рухында тәрбиелеуге,;  судьялардың кәсіби өсуін қамтамасыз етуге,  олардың әрқайсысының Конститутцияның және заңдардың талаптарын мүлтіксіз сақтауға, қызметтік парызын орындауға ықылассыз қарау дәйектерін алдын алуға; «Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьялар беделі туралы» Конституциялық Заңның талаптарын орындауға бағытталуы тиіс екендігі шешілген болатын. 

Президент   сот корпусын қалыптастыру процесі нағыз демократиялық негізде өтуде екендігі атап өтті.  Президенттің пікірі бойынша, сот-  құқықтық реформаның басты қорытындысы, адамдардың сотқа сенетін болғандығы және өз құқықтарын қорғауды өркениетті қоғамда қалыптасқандай соттарға жиі жүгіне бастағаны болды.   

Соңғы жаңалықтар