Суарес екінші рет «Алтын бутсы» иегері атанды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Испандық «Барселона» шабуылшысы Луис Суарес еуропалық чемпионаттардың үздік шабуылшысы ретінде «Алтын бутсы» жүлдесіне ие болды.

2015/16 маусымында уругвайлық Испания чемпионатында 40 гол салып, коэфициенттер кестесінде 80 ұпай жинады. Ал өткен жылғы маусымда Л.Суарес қақпаға 59 доп кіргізген.

Суарес  «Алтын бутсы» жүлдесіне  екінші рет қол жеткізіп отыр. Үздік жетістіктері үшін футболшы каталониялық клубтағы серіктестеріне алғыс білдірді, деп жазады Росбалт.

Соңғы жаңалықтар