Сот жюриінің біліктілік комиссиясы Павлодар облысы соттарының судьяларының кәсіби қызметіне бағалау жүргізді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еңбек өтілі 5 жылдан 20 жылға дейінгі аралықта болатын Павлодар облыстық соттары судьяларының кәсіби қызметі бағаланды.

Облыстағы соттардың 55 судьясының кәсіби қызметін бағалау нәтижесі бойынша 53 судья атқаратын лауазымына сай деп танылды. Екі судьяға кәсіби біліктілігін арттыруға және бір жыл өткеннен кейін кәсіби қызметіне қайта бағалау жүргізу жөнінде ұсыным жасалды.

Сот жюриі біліктілік комиссиясының мүшелері, сондай-ақ, Павлодар облысы соттары судьяларының кәсіби қызметін бағалау барысында, Екібастұз қалалық сотының судьясы мен кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясын жоғары тұрған сатыдағы соттың лауазымына кадр резервіне қою туралы ұсыным жасады.

Облыстағы 9 судьяның сот әділдігін жүзеге асыру барысында жұмыс көрсеткіштерінің, сонымен қатар, материалдық және процессуалдық құқық нормаларын меңгеруде біліктіліктері төмен болған себепті, ескерту жасау арқылы өткендігі атап өтілді.

Соңғы жаңалықтар