Солтүстікқазақстандық құтқарушылар өртке қарсы сенбілік өткізді

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Пеш ақауы салдарынан болатын өрттердің алдын алу мақсатымен СҚО ТЖД мамандары, өрт сөндіру және апаттан құтқару қызметі мен СҚО ІІД учаскелік инспекторлары бірлесіп өрт қауіпсіздігін түсіндіру бойынша сенбілік өткізді, деп хабарлады ҚазАқпарат СҚО ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құтқарушылар Петропавлдағы жеке секторға қарай беталды. Бір күн ішінде олар 2800 үйге кіріп, 3300 ескерту қағаздарын таратты, тұрғындармен 6 жиын өткізді. Өртке қарсы шараларды насихаттау хабар беру автомобиліндегі дыбыстап айту құрылғылары арқылы аудиороликтермен жалғасты.

Ведомство қызметкерлері мұндай алдын алу шараларын әр апта өткізуге ниетті.

Жыл басынан СҚО бойынша 526 өрт тіркелді. Келтірілген залал  90 млн. теңгеден асты. 13 адам тілсіз жау құрбаны болды. 18 адам түрлі дәрежеде жарақат алды. Өрттің  80%  жеке секторда шыққан. 

null null null  

Соңғы жаңалықтар