СҚО инвестициялық форумына швед министрі келеді

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Швеция ауыл шаруашылық министрі Свен Эрик Букт бастаған делегация «Kyzylzhar Invest 2016» екінші халықаралық инвестициялық форумына келуге келісім берді. Бұл туралы СҚО әкімінің орынбасары Ратмир Ахметов аймақтық ОКҚ брифингінде мәлімдеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Шараға Индонезия, Болгария, ҚХР, Грузия, Литва және өзге де елдердің өкілдері келеді деп күтілуде. Ұйымдастырушылар бір аптада шетелдік делегациялар тізімі толығады деп үміттенеді. Форумға жалпы саны 500 қатысушы қатыса алады. Өзара ынтымақтастық туралы 20-дан астам меморандумдер мен келісімдерге қол қойылады деп болжануда.

Форум аясында пленарлы отырыс, екі панельді сессия, инвестициялық ахуалды жақсарту мен инвесторларды тарту бойынша аймақтық кеңестің ІІ отырысы және ауыл шаруашылығын дамыту мәселелері талқыланатын қазақстандық-шведтік форум өтеді. 

null  

Соңғы жаңалықтар