СҚО білім беру саласын бақылау департаментінің басшысы тағайындалды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - СҚО бойынша білім беру саласын бақылау департаментінің басшысы болып Темірғали Әбілмәжінов тағайындалды, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Тиісті бұйрыққа ҚР Білім және ғылым министрлігі білім және ғылым саласын бақылау Комитеті төрағасының міндетін атқарушысы қол қойды. Жаңа басшыны әкімдікте өткен жиында аймақ басшысы Ерік Сұлтанов таныстырды.

Әбілмәжінов Темірғали Текебасұлы 1954 жылғы 27 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысының Ленин ауданындағы Николаевка селосында туған. И. Франко атындағы Житомир мемлекеттік педагогика институтын, Алматы саясаттану және басқару институтын, Қаржы полициясы академиясын бітірген. Орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімі, саясаттанушы, заңгер мамандықтарына ие. Еңбек жолын 1977 жылы Тимирязев ауданындағы Степной орта мектебінің орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі, одан кейін оқу ісінің меңгерушісі, директоры болып бастады. 1980 жылы Солтүстік Қазақстан облыстық комсомол комитетінің нұсқаушысы, одан кейін есеп және статистика секторының меңгерушісі болып тағайындалды. Содан соң үш жылдан астам Солтүстік Қазақстан облысының Совет (қазіргі Аққайың) аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы болып еңбек етті. 1986 жылы Совет ауданындағы Ленин атындағы ұжымшардың партком хатшысы болып тағайындалды. Алматы саясаттану және басқару институтын бітіргеннен кейін Совет аудандық "Колос" газетінің редакторы болып тағайындалды. 1992 жылдан бастап төрт жылдан астам жастар, туризм және спорт істері жөніндегі облыстық басқармаға жетекшілік жасады. 1996 жылдан бастап облыс әкімінің көмекшісі, одан кейін СҚО әкімі аппараты іс басқарушысының орынбасары, ("Эйр Қазақстан") ЖАҚ Астана қаласындағы өкілдігінің директоры болып істеді.  2004 жылдан бастап төрт жылдан астам Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің ұйымдық-инспекторлық жұмыс және аумақтық даму бас инспекторы болып қызмет атқарды. 2015 жылдан қазіргі тағайындауға дейін Қарағанды облысы бойынша  білім беру саласын бақылау департаментінің басшысы міндетін атқарды.

 

Соңғы жаңалықтар