Сирия әскері Алеппо оңтүстігінде стратегиялық биіктікті өз бақылауына алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сирия әскері Алеппоның оңтүстігіндегі Базза биіктігін өз бақылауына алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «РИА Новости» агенттігіне сілтеме жасап.

«Шабуыл сәтті жалғасуда. Әскерилермен бірге Базза биіктігін басып алдық,  тағы бір биіктік пен 1070 кварталындағы содырлар толық қоршауға алынды», - деді агенттіктен.

Айта кетейік, Базза биіктігінен 1070 кварталының басым бөлігі бақыланады.

Алеппо оңтүстігінде үшкүндік гуманитарлық үзілістен кейін басталған шабуыл аясында  үкімет әскері көрші Хекме биіктігін басып алуды жоспарлауда. Бұл 1070 кварталындағы содырларды жарақтау жолдарын кесуге мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар