ШЫҰ Хатшылығында Қытай Мәдениеті күндері өтті

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Бүгін Шанхай ынтымақтастығы ұйымының (ШЫҰ) Хатшылығында Қытай Мәдениеті күні өтті.

«Шанхай рухы» мүсінінің ашылу салтанатынан кейін іс-шараның 300-ден астам қатысушысы - ҚХР-да аккредитацияланған ШЫҰ-ға мүше елдер дипломатиялық өкілдіктерінің басшылары, дипломаттар, БАҚ пен бизнес  өкілдері, қоғам қайраткерлері қытай мүсіншілерінің туындылары және қыштан жасалған бұйымдар қойылған көрмені тамашалады.

Даостық хош иістер жағылып, шай дайындау рәсімі өткеннен кейін, мерекелік концерт болды.

Сондай-ақ кеш қонақтары Қытайдың дәстүрлі тағамдарынан дәм тата алды.
Шара соңында ШЫҰ Хатшылығына мүсінші Жэнь Чжэнің «Жауынгер мен ақын» туындысы сыйға тартылды. 


 
 

null null null null null null null null null null null null null null null null null null null null  

Соңғы жаңалықтар