«ШЫҰ-2016 марафонының» жеңімпазы 40 мың доллар алады

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - 2016 жылдың желтоқсанында Юньнань оңтүстік-шығыс провинциясының Куньмин қаласында Шанхай ынтымақтастығы ұйымының (ШЫҰ) марафонын өткізу жоспарлануда.

Оған арналған іс-шара 14-15 қазан күндері өтеді.

«Біз 2 мыңға жуық шақырым биіктікте жүгіретін боламыз. 14 қазан күні марафонға арналған іс-шара өтеді. Бар құпияны сол кезде ашатын боламыз. Бірден айта кетейін, бірінші орын үшін жүлде 40 мың доллар болады», - деді ШЫҰ Бас хатшысы Рашид Әлімов ШЫҰ-ға мүше елдер елшілеріне «ШЫҰ-2016 марафонын» таныстыру барысында.  

Еске салайық, Қытай Мәдениеті күні ШЫҰ-ға мүше елдердің бірқатар іс-шарасын қамтиды. Олар Қазақстанның төрағалық етуімен «ШЫҰ - ортақ үйіміз» тақырыбымен Ұйымның штаб-пәтерінде өтетін болады. 

Соңғы жаңалықтар