Шымкенттің мұнай базасында болған өрттің шығыны белгілі болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шымкенттің мұнай базасына болған өрттің салдарынан келген шығын 1 млрд 144 млн теңгені құрады. Бұл туралы журналистерге Оңтүстік Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мемлекеттік өртті бақылау бөлімінің бастығы Бақытжан Запаров мәлім етті.

Арнайы комиссия өкілдері жүргізген тергеу жұмыстарының нәтижесі бойынша, вагондарда қауіпсіздік шаралары талапқа сай атқарылмаған болып шықты.

«Екіншіден жүкті тиеу мен түсіру жұмыстары кезінде де ереже бұзылған»,-деді Запаров.

Естеріңізге сала кетейік, мұнай базасындағы өрт 4 тамыз күні болды. Онда жанар-жағар май толтырылған цистерналер өртенді. Жалын вагондар мен насос стансасын және бензовоздарды шарпыды. Сондай-ақ 15 мұнай өнімдері толтырылған резервуарларға да қауіп төнген болатын. Алайда, өрт сөндірушілер бұл қауіптің алдын ала білді.

Соңғы жаңалықтар