Шымкенттік мұнай өңдеу зауыты қаладағы ауаның ластануына қатыстылығын жоққа шығаруда

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - «Петро Қазақстан ОйлПродактс» ЖШС Шымкенттегі жағымсыз иіске олардың қатысы жоқ деп санайды, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Кәсіпорында 8 қазанда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілгені жайлы хабарлады. Өндірістің барлық технологиялық жабдықтары орнатылды.

«Зауыт цехтары мен құрылымдарында жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ауаны ластайтын заттар шығарылмады. Зауыт аумағындағы және санитарлық-қорғаныс аумағындағы ауаның санитарлық жағдайы  ҚР нормаларына сәйкес», - деп хабарлады кәсіпорында.

 Сонымен қатар, «Қазгидромет» РМК Шымкенттегі жағымсыз иіске күкірт себеп болмағанын айтты.  

«Азот диоксиді, формальдегид, күкіртті сутек бойынша ауытқу байқалды. 1 есе, 1,5 есе болды, бұл ауаның жоғары ластануына жатпайды. Барлығы нормаға сәйкес», - деп хабарлады «Қазгидромет» РМК  қоршаған ортаның ластануы бойынша зертхана басшысы Гүлнар Мәуленова.

Соңғы жаңалықтар